русский язык
Бокс

Алатау баурайында бокс Академиясы ашылды

Алатау баурайында бокс Академиясы ашылды

Алатау баурайында дүниежүзілік бокс академиясы ашылды. Cалтанатты шараға еліміздің үздік боксшылары мен шетелдік меймандар сондай-ақ халықаралық бокс қауымдастығының басшылары қатысты. 

Академияда спортшылардың алаңсыз жаттығуы үшін барлық жағадай жасалған. Жаттығу залдарында рингтер орнатылған, жүзу бассейні, футбол, баскетбол, волейбол, теннис ойнауға арналған алаңдар да спортшылар үшін жұмыс істейді. Халықаралық талаптарға сай 176 кісілік қонақ үй мен асхана тіпті атлеттерге арналған емханада бар бұл жерде», - деді Қанат. 

Чинг-Куо ВУ Халықаралық бокс қауымдастығының басшысы:

Үш жыл бұрын мына жер жазық дала еді. Қысқа ғана уақыт аралығында зәулім ғимарат тұрғызылды. 8 жыл бұрын басшылыққа келген кезімде осындай бокс академиясын ашуды жоспарға қойдым. Сол арманым орындалды. Қазақстан бокс федерациясының басшыларына алғысым шексіз.

АИБА-ның жаңа жобасы APB қазан айының 24-де басталады. Осыған орай 80 спортшыны арасында жеребе тартылып, әркім өз қарсыласын білді.

Біздің боксшыларымыз бес салмақта өнер көрсетеді. 49 келіде Біржан Жақыпов қытайлық Лю Бинмен қолғап түйістірсе, Ілияс Сүлейменов Жасурбек Латиповтың қарымын байқайды. Ал 60 келі салмақ дәрежесінде Берік Әбдрахманов ирландиялық Дэвид Джойспен шаршы алаңға шығады. Әділбек Ниязымбетов Мэтью Бадерликпен жекпе-жек өткізсе, Антон Пинчук Ямиль Перальтпен жұдырықтасады.

Мырзағали Айтжанов, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:

Айта кетер жайт, APB кәсіпқой бокс жобасындағы жекпе-жектер әр елде өтеді. Қазақстанның шаршы алаңына 60 келі салмақтағы боксышлар шығады. Осыған орай Берік Әбдрахмановқа үлкен сенім артылып отыр. 

Іріктеу кезеңінде жекпе -жектер 6 раундтан тұрса, ақтық айқаста күрзі қолғап шеберлері 8 раунд жұдырықтасады. Қазан айында жалауы желбірейтін бокс додасының финалы 2015 жылдың қаңтар айында өз мәресіне жетеді. Жаңа жобада жеңімпазы атанған боксшылар Олимпиадаға жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;