русский язык
Футбол

Акинфеев – Чемпиондар лигасының антирекордшысы

Акинфеев – Чемпиондар лигасының антирекордшысы

ЦСКА-ның қақпашысы Чемпиондар лигасында қатарынан 22-ші матчта гол жіберді, деп хабарлайды sports.ru.

Италиялық «Ромаға» қарсы сырт алаңдағы кездесуде Игорь Акинфеев 5 гол жіберді, бұл ол үшін еуропалық клубтық турнирде 22-ші болған.

Айта кетерлігі, «ПСВ-ның» қақпашысы Роналд Ватеррес Чемпиондар лигасында қатарынан 16 матчта гол жіберсе, «Олимпаикос» пен «Панатинаикоста» өнер көрсеткен Антониус Николопидистың 15 матчтан тұратын сериясы бар, ал «Ньюкаслдың» қақпасын күзеткен Шей Гивенде – 14 матч.

Осылайша, Акинфеев қақпашылар арасында антирекорд орнатты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;