Басқа

Дархан Асаділов қола жүлдеге таласады

Дархан Асаділов қола жүлдеге таласады
news-banner7
mobile-news-top

Кеше Мәскеуде каратеден Премьер-лига кезеңі басталып, бірнеше салмақ бойынша финалистер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Каратеден Қазақстан командасының көшбасшысы Дархан Асаділов қола жүлдеге таласады.

Ол Албания, Грекия спортшыларын жеңіп, ширек финалда черногориялық Ненад Дуловичпен кездескен болатын. Жекпе-жек барысында есеп ашылған жоқ, алайда төрешілер Дарханды жеңімпаз деп таныды.

Ал жартылай финалда Асаділов өзінің азулы қарсыласы, түркиялық Самдан Ераймен жолықты. Бұл кездесу де тең аяқталып, төрешілер жеңісті Ерайға берді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер