русский язык

Есімов спорттық нысандарды тексерді

Есімов спорттық нысандарды тексерді

Алматы әкімі Ахметжан Есімов қаладағы Универсиада-2017 спорттық нысандарын аралап шықты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сапар барысында қала басшысы 12 мың және 3 мың орындық мұз айдыны мен 5 мың орындық атлетикалық ауылдың құрылысы барысымен танысты. Қазіргі уақытта мұз айдынындағы жерасты жұмыстары толығымен бітті. Негізгі мұнаралар мен сырғанақтың жігі қосылып, бетон іргетас құйылды.

Ал, 5 мың орындық атлетикалық ауылдың құрылысы 2014 жылдың төртінші тоқсанында басталады. Қазір құрылыс алаңы әзірленуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;