Командалық

Қазақстандық баскетболшылар әлем кубогына қатысып жатыр

Қазақстандық баскетболшылар әлем кубогына қатысып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Ланчжоу қаласында (Қытай) 3х3 U-23 баскетболдан Әлем кубогы өтіп жатыр. Екінші рет өтіп жатқан аталған кубогқа Қазақстанның ерлер құрамасы қатысуда.

Топтық кезеңнің алғашқы матчында біздің баскетболшылар Латвия командасымен кездесті. Кездесу 21:15 есебімен Латвия спортшыларының еншісіне шешілді. 3x3 U-23 баскетболдан Әлем кубогының топтық кезеңінің екінші матчында Қазақстанның ерлер құрамасы турнир қожайындары Қытай құрамасымен ойнады. Нәтижесінде 21: 9 есебімен қарсыластарына жол берді.

Енді қазақстандық баскетболшылар 5 қазан күні өтетін АҚШ пен Румынияға қарсы ойнайды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер