Роман Григорчук: Бізге осы қиын кезеңді өткеру қажет

Роман Григорчук: Бізге осы қиын кезеңді өткеру қажет
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» бас бапкері Роман Григорчук УЕФА Еуропа Лигасы аясындағы «Партизанға» (0:2) қарсы кездесу соңында ойын туралы пікірімен бөлісті:

- Біз бізден әлеуеті жоғары командаға жеңіліп қалдық. Команда құрамындағы жігіттердің ешқайсысына сын таға алмаймын. Олар қолдан келгеннің барлығы жасады. Біз екі фронтта ойнау үшін команда құрамы толық жасақталған болуы қажеттілігін тағы да қайталап айтқым келеді.

- «Партизанның» мықты тұстарын айта аласыз ба?
- Бұл сұраққа жауап беру үшін маған толыққанды талдау жасау қажет. Менің басқа алыпқосарым жоқ.
- Томасов не үшін алаңға шыққан жоқ?
- Өзін жайсыз сезінді.
- Сіз чемпионат пен еурокубок арасында таңдау жасайсыз ба?
- Менің бұл туралы айтуға тіпті тілім де бармайды. Біз барлығына шынайы қарауға тиіспіз. Барынша тәуекелге барып, соңына дейін тырысатын боламыз. Алайда, бұл біздің қолымыздан келмейтін сияқты.
- Абзал Бейсебеков шабуыл шебінде өзін қалай көрсетті?
- Ол өте жақсы ойнап, барынша тырысты. Абзал кез келген позицияда ойнауға қауқарлы, әрі бізге көмектесе алатын әмбебап ойыншы.
- Команданың екі фронтта ойнауға физикалық күші жетпей ме, әлде қауқары ма?
- Бізге ең бастысы ойыншылардың жарақаттан аман болғаны маңызды. Команда функционалдық тұрғыда барлығына толықтай дайын. Бізге осы қиын кезеңді өткеру қажет. Қатардан шығып қалған ойыншылардың орны тез білініп жатыр.
- Хижниченконы не үшін алмастырдыңыз? Ол өзін бірінші таймда жақсы көрсеткен сияқты көрінді. Ол шаршап қалды ма, әлде, оның ойынына көңіліңіз толмады ма?
- Қазір қандай да бір талдау жасайтын уақыт емес. Мен айтарымның барлығын сіздерге жеткіздім. Жекелей ойыншыларға дәл қазір баға беру дұрыс емес деп ойлаймын.
- Фирмин Мубеле неліктен алаңға шыққан жоқ?
- Оның жарақаты бар.
- Қаншалықты ауыр?
- Дәл қазір дөп басып айту қиын. Қазір ол толық тексеруден өтуі қажет. Сол кезде барлығы белгілі болады.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер