Әлем футболы

19 жасар шабуылшы Марко ван Бастеннің рекордын қайталады

news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 2-тур ойындары аяқталды. Турдың ең қызықты матчы "Энфилдте" өтті.

Аустрияның "Зальцбург" командасын қабылдаған "Ливерпуль" әрең жеңіске жетті. Қос команда 90 минутта 7 гол соғып үлгерген. "Зальцбургтың" жас шабуылшысы ерекше жетістікке жетті. 19 жасар Эрлинг Бреут Холанд Чемпиондар лигасының алғашқы екі матчында төрт гол соққан төртінші футболшы ретінде тарихқа енді. Мұндай жетістікке голландиялық Марко ван Бастен, аргентинандық Диего Симеоне және ивуарлық Дидье Дрогба секілді даңқты футболшылар жеткен.

"Керемет матч. Жоғары деңгейде ойнай алатынымызды дәлелдедік. Матчты тең аяқтауға жақын едік. Мүмкін бұдан да жақсы нәтижеге қол жеткізер едік, бірақ қарсыласымыз анау-мынау емес, "Ливерпульдің" өзі болды. Олармен "Энфилдте" ойнау әлемдегі ең қиын миссия.

Әкем әркез "Энфилдте" гол соққанын мақтан тұтып жүретін. Енді оған: "Мен де соқтым!" деп жауап қайтара аламын, - дейді жас шабуылшы. Әкесі Альф-Инге Холанд кезінде Англияның "Ноттингем Форест", "Лидс Юнайтед" және "Манчестер Сити" секілді командаларында доп тепкен.

Түпнұсқасы: massaget.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер