русский язык
Футзал

Дінмұхамбет Сүлейменов: «Біз – бір жанұямыз»

Дінмұхамбет Сүлейменов: «Біз – бір жанұямыз»

Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайрат» футзал клубының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында Грузияға қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті.

«Ойын оңай болған жоқ. Қарсыласымыз өте жақсы ойнады. Жаттыққан командамен кездескеніміз көрініп тұрды, ал біз жақында ғана жиналып, үш-ақ күн жаттығу жасадық. Алайда біз жеңіске жеттік, себебі командада тамаша атмосфера қалыптасқан, біз - бір жанұямыз. Әрине, оңай ойындардың бірі болмайтынын түсіндік, бапкеріміз кездесу алдында әр доп үшін таласуымыз керектігін айтты. Енді келесі матчты бұдан да жақсы өткізуге тырысамыз», - деді Сүлейменов.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы алғашқы жолдастық кездесуінде Грузиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;