Әлем футболы

Чемпиондар лигасы - 2019/20. Бүгін қазақстандық телеарналар үш матчты көрсетеді

Чемпиондар лигасы - 2019/20. Бүгін қазақстандық телеарналар үш матчты көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 2-ші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

F тобында «Барселона» өз алаңында «Интерді» қабылдайды. Испаниядағы матчты тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасы көрсетеді. Көрсетілім елорда уақыты бойынша 01:00-де басталады.

Осы топтағы «Славия» мен «Боруссия Д» командалары арасындағы ойын сағат 23:00-де басталады. Чехия астанасы Прагада өтетін кездесуді де «Qazsport» тікелей эфирде жанкүйерлерге ұсынады.

Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы жеңімпазы «Ливерпуль» мен австриялық «Ред Булл Зальцбург» ұжымдары арасындағы матчты «Qazaqstan» телеранасы көрсетуді өз мойнына алды. Ойын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 01:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер