Басқа

Қазақстандық шахматшы Англиядағы ірі турнирге шақырту алды

Қазақстандық шахматшы Англиядағы ірі турнирге шақырту алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова 8-22 қазан аралығында Англиядағы Мэн аралында өтетін FIDE Grand Swiss супер турниріне шақыру алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің жүлде қоры шамамен жарты миллион долларды құрайды, ал жеңімпаз ақшалай сыйлықтан басқа әлемдік шахмат тәжіне үміткерлер турниріне жолдама алады.

«Әлемдік шахмат тәжі - менің бұрыннан келе жатқан мақсатым. Сонымен қатар, осындай беделді турнирге қатысу элиталық гроссмейстермен күш сынап көрудің тамаша мүмкіндігі», - деді Динара.

Турнирге әлемнің 100-ден астам мықты шахматшылары шақырылған. Grans Swiss турниріне шахмат тәжінің қазіргі иесі Магнус Карлсен де қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер