Басқа

Серік Сәпиев су спортынан Қазақстан құрамасын құттықтап, жүлде үшін алғысын жеткізді

Серік Сәпиев су спортынан Қазақстан құрамасын құттықтап, жүлде үшін алғысын жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев су спортынан Азия чемпионатынан оралған Қазақстан құрамасын әуежайда күтіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Мәдениет және спорт министрлігінің атынан алғысымды айтқым келеді. Жарайсыңдар! Спортта мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Дегенмен бұған қарамастан сіздер қиын сәтте әнұранды өздеріңіз орындап шықтыңыздар. Сіздерге көп рақмет. Сәттілік тілеймін!, - деді Серік Сәпиев.

Айта кетейік, Үндістанның Бенгалуру қаласында өткен су спорт түрлерiнен жасөспiрiмдер арасындағы Азия чемпионатындаа Қазақстан құрамасы Қытайды жеңгеннен соң әнұран үзiлiп кетті. Дегенмен біздің қыздар ештеңеге қарамай әнұранды әрі қарай жалғастырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер