Теннис

Екі теннисшіміз Алматыда өткен жарыстың финалында бақ сынады

Екі теннисшіміз Алматыда өткен жарыстың финалында бақ сынады
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда ITF Mens’ сериясындағы халықаралық теннис турнирі аяқталды.

Аталған сынға Қазақстан атынан Григорий Ломакин, Денис Евсеев, Достанбек Ташбулатов, Тимур Хабибулин, Сағадат Аяп, Бейбіт Жукаев және Тимур Мәуленовтер қатысқан болатын.

Жартылай финалға дейін Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев сүрінген жоқ.

Алайда, финал жолдамасы үшін таласта Денис өзбекстандық қарсыласынан ұтылды.

Ал 18 жастағы ақтаулық теннисші Бейбіт Жұқаев өзі қатысқан алғашқы ITF Mens’ турнирінің финалында жеңіліп, жүлдегер атанды.

Жұптық сында қазақстандық Григорий Ломакин грузиялық Георгий Цивадземен бірге күміске қол жеткізді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер