русский язык
Басқа

Жезқазғанда «Канск» спорт кешені ашылды

Жезқазғанда «Канск» спорт кешені ашылды
news-banner7
mobile-news-top

Жезқазған қаласындағы «Жастар» саябағында «Канск» спорт кешеннің ресми түрде ашылу салтанатты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Қайта құрылған спорт кешеннің ресми ашылу салтанатына Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков, «Қазақмыс» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Ким және «СК Namys» қамқоршылық кеңесінің төрағасы Серік Керімбеков қатысты.

Олар жаңа футбол алаңында алғашқы соққы жасап, кешеннің алдында ағаш отырғызды.

Сондай-ақ, спорт кешеннің ресми салтанаты барысында «Қазақмыс» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Ким мен «СК Namys» қамқоршылық кеңесінің төрағасы Серік Керімбеков меморандумға қол қойды.

Бұл іс-шараның ұйымдастырушысы - 2009 жылдың көктемінде құрылған «СК NAMYS» әлеуметтік фонды. Қордың басты миссиясы жас буынды спортқа баулып, дәріптеу үшін жағдай жасау болып табылады.

Жаңартылған спорт кешенде түрлі спорт бөлімдері қызмет атқарады: күрес, бокс, футбол, үстел теннисі, баскетбол және тағы басқалары. Жыл сайын үш мыңға жуық бала осы кешеннің спорт секцияларына тегін қатыса алады.

Сондай-ақ, қалалық спорт фестивалі аясында қызықты шоу-бағдарламалары өтіп, кешкісін Алматыдан келген лайв-бэндтің қатысуымен үлкен концерт өтті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер
;