Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы қызметіне Нұрбол Қапешов тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев өзінің Facebook-парақшасында мәлім етті.
- Құрметті БАҚ өкілдері, қадірлі достар! Мәдениет және спорт министрлігінің жаңа баспасөз хатшысымен таныс болыңыздар!
Қапешов Нұрбол Қабдылұлы, 1980 жылы туған, жоғары білімді азамат. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Бұл салада тәжірибесі баршылық. 31 арнадан бастап «Интерньюс-Нетуорк» өкілдігінде, Азаттық радиосында, Астана телеарнасында, Қазақстан ұлттық арнасында журналист, редактор қызметтерін атқарған.
Елдегі, шет елдегі бар, байқағандарыңыздай жан-жақты қызмет істеген жігіт. Ақпараттың қазанында қайнап, эфирдің ар жағында талай сауатты сараптамалық бағдарламалардың жүгін арқалапты. Енді тыңнан түрен салып, баспасөз қызметінде бабын сынайды, - деді ол.