Кучук қызметінен босатылды
![Кучук қызметінен босатылды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1410845367_399051719.jpg?v=28697847)
Кеше «Локомотивтің» президенті Ольга Смородскаямен кездесіп, команданың бас бапкері Леонид Кучук орнынан кетті.
2015 жылы бітетін келісім-шартты бұзғаны үшін «Локомотив» 2 миллион еуро бермек. Енді бас бапкердің міндетін Игорь Черевченко атқарады.
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, «Локоның» бас бапкері міндетіне Миодраг Божовичтен бөлек, Құрбан Бердыев, Лучано Спалетти және Роберто Манчини тағайындалуы мүмкін.