Басқа

Виктор Хассянов Азия біріншілігінде күміс медаль иеленді

Виктор Хассянов Азия біріншілігінде күміс медаль иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Алматыдағы Александр Асанов атындағы атқыштар клубында стенд атудан Азия чемпионаты аяқталуға жақын.

Бүгін Қазақстан командасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

Ерлер арасындағы «траншеялық стенд» бағдарламасында қазақстандық Виктор Хассянов күміс жүлдегер атанды.

Бұл сында алтын медальді кувейттік Насер Меклад иеленсе, қола жүлдеге омандық Әл Насри Салееем қол жеткізді.

«Траншеялық стенд» бойынша жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орынды иеленді. Екінші орында Кувейт, үшінші сатыда Қытай командалары орналасқан.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер