Дзюдо

Мадина Парагульгова - әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Мадина Парагульгова - әлем чемпионатының күміс жүлдегері
news-banner7
mobile-news-top

Алматы қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Мадина Парагульгова күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz.

+70 келі салмақта өнер көрсеткен жас балуан ақтық сында бразилиялық Анна Сантосқа есе жіберді.

Парагульгова алғашқы айналымда Кипр спортшысы Занет Мичаолидоуды, кейін қырғызстандық Шахида Нұрмахамедованы жеңді. Жартылай финалда Мадина франциялық Лиз Нглебеамен кездескен болатын. Белдесу барысында ұтылып жатқан жерлесіміз жекпе-жек аяқталуына 6 секунд қалғанда жеңіске жетті.

Айта кетейік, әлем біріншілігі Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өтіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер