Айдар Арапов: Қола жүлдеге көңілім толады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАлматыда өтіп жатқан дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Айдар Арапов Prosports.kz сайтына қуанышымен бөлісті
- Айдар, турнир сен үшін қалай өтті? Қола жүлдеге қанағаттандың ба?
- Алтын медаль алатын мүмкіндігім болды, алайда осыған да шүкір деймін. Украиналық қарсыласым жоғары деңгейде дайындалып келіпті. Өкінішке орай, мен қателік жібердім.
- Алдағы жоспарларың қандай?
- Жастар арасында жүлделерді мейлінше көп жеңіп алсам деймін.