русский язык

Спортшыларымыз арнайы олимпиада ойындарына қатысуда

Спортшыларымыз арнайы олимпиада ойындарына қатысуда

Қазақстан спортшылары Бельгияда өтіп жатқан жазғы спорт түрлерінен Еуропалық арнайы олимпиада ойындарына қатысуда.

Бұл туралы 24.kz сайты мәлімдеді. Халықаралық доданың ашылу салтанаты Брюссельдегі әлемге белгілі Brussels Expo көрме кешенінде өтті. Төрт жылда бір рет өткізілетін Олимпиада ойындарына 58 елден мүмкіндігі шектеулі 2 мыңға жуық спортшы қатысуға ниет білдірген. Биылғы додада 40-тан аса жерлесіміз спорттың 8 түрінен бақ сынайды. Олимпиада ойындары Антверпен қаласында қыркүйектің 20-на дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;