Дзюдо

Әділ Марлен - әлем чемпионатының қола жүлдегері

Әділ Марлен - әлем чемпионатының қола жүлдегері
news-banner7
mobile-news-top

Алматы қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты қазақстандық дзюдошы Әділ Марлен қола медаль жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен жас балуан қола медаль үшін өткен белдесуде өз отандасы Нұрсұлтан Зайзағалиевті "иппон" ұпайымен жеңді.

Әділ жартылай финалда әзірбайжандық Камран Сүлеймановке "вазари" ұпайымен есе жіберіп, финалға шыға алмады.

Айта кетейік, бүгін «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күні. Қазірге дейін Қазақстан құрамасы бір алтын, бір қола жүлде жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер