Әлем футболы

Зидан хейтерлерге жауап берген болды

Зидан хейтерлерге жауап берген болды
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан командасының кезекті жеңісінен кейін пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Біз өз ісімізге жауап береміз. Сабырлылық пен еңбек қатар ұштасқанда ғана жетістікке жетесің. Біз «бұдан жаман күнімізде де тойға барғанбыз», алайда қазір де өзімізді мақтай алмаймыз.

Байқампаз адамға күн сайын жағдайымыздың жақсарып келе жатқанын көру қиынға соқпас. Жинақы, әрі агрессиялы түрде ойнап жүрміз. Доп біздің жігіттерде болғанда қауқарымызды сезетін боларсыздар?!

Иә, біз қазір – көшбасшымыз, бірақ оған мән берместен, өз ісімізді одан әрі жалғастырамыз.

Мен өзімнің командама сенемін, біздің 25 футболшымыз бәріне дайын және олар оны «Осасунамен» кездескенде дәлелдеп берді», дейді Зидан.

Айта кетелік, Зинедин Зидан осы пікірін өзін сынап жүргендерге арнағандай болды.

Еске сала кетелік, Примераның 6-турында «Реал» өз алаңында «Осасунаны» 2:0 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер