Футбол

Акмаль Бахтияров жаңа маусымда алғаш рет алаңға шықты

Акмаль Бахтияров жаңа маусымда алғаш рет алаңға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Ресей кубогының 1/16 аясында «Шинника» өз алаңында «Сочи» командасын қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Ярославль қаласында өткен ойынның негізгі уақытында да, овертаймда да есеп ашылған жоқ. Ал ойын соңындағы пенальти сериясында 5:4 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

«Сочи» сапындағы қазақстандық ойыншы Акмаль Бахтияров 2019/20 маусымда алғаш рет алаңға шықты. Ол ойынды негізгі құрамда бастап, 66-шы минутта орнын әріптесіне босатты.

Айта кетейік, Бахтияров Ресей Премьер лигасында әлі бірде-бір ойында өнер көрсеткен жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер