Дзюдо

Нұрқанат Серікбаев - жасөспірімдер арасында әлем чемпионы

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматы қаласында басталған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев алтыннан алқа тақты.

50 килоға дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Серікбаев алғашқы белдесуінде Беларусь спортшысы Дмитрий Зелянконы ұтса, екінші айналымды моңғол палуаны Мендсайхан Нямсуреннен айласын асырды. Финалда франциялық дзюдошы Валадиер Пикард Ромайнды жеңді.

Алматыдағы "Балуан Шолақ" спорт кешенінде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 29 қыркүйек күні аяқталады. Байрақты бәсекеге 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Жарысқа әлемнің 71 елінен 483 жас татами шебері қатысады.

Түпнұсқасы: massaget.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер