Басқа

Серік Сәпиев туралы фильм түсіріліп жатыр

Серік Сәпиев туралы фильм түсіріліп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев неліктен басқа емес, дәл боксшы Серік Сәпиев туралы фильм түсіріп жатқанын түсіндірді.

«Белгілі бір киноны түсірсек, ол әрекетіміз қандай да бір идолды қалыптастыру дегенді білдірмесе керек. Бұл шынында да, чемпионның, батырдың тарихы. Серік 2012 жылы Жазғы Лондон Олимпиада ойындарында жетінші алтын медаль алған кезде бұл жетістік ұлттық бірлікке өте орасан зор үлес қосты. Сол кезде қалай қуанғаным әлі күнге дейін есімде. Идеология деген осы деген ойдамын», - деп келтіреді Ақан Сатаевтың сөзін ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, Ақан Сатаев боксшы Серік Сәпиев туралы фильм түсіріп жатқаны бұған дейін хабарлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер