Дзюдо

Алматыда жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алауы жағылды.

Алатау бөктеріндегі «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өтіп жатқан әлемдік доданың алғашқы күні, яғни бүгін қыздардан екі (40, 44 келі) салмақ санатында, ұлдардан екі (50, 55 келі) салмақ дәрежелерінде алғашқы іріктеу айналымдары басталып кетті.

Бүгін жалпы, Қазақстан намысын 7 дзюдошы қорғайды. Ал, финалдық кезең сағат 16:00-ге жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өтетін әлем біріншілігінде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Аталған біріншілікке әлемнің 64 елінен 500-ге жуық спортшы қатысуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер