Әлем футболы

Ресми: «Конференциялар лигасы» 2021 жылы басталады

Ресми: «Конференциялар лигасы» 2021 жылы басталады
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА-ның жаңа турнирі «Конференциялар лигасы» 2021/22 жылғы маусымнан бастап өтетіні ресми хабарланды, деп жазады Prosports.kz.

УЕФА баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл турнирі тіпті де көп командалардың еуропалық футболдың дәмін татуына мүмкіндік тудырады. «Конференциялар лигасы» Еуропадағы 3-ші маңызды турнир болмақ (ЧЛ мен ЕЛ-дан кейінгі).

Аталған турнирдің жалпы ережелері 2018 жылы белгіленіп қойған. Ол бойынша, турнирге 32 команда қатысады. Командалар 8 топқа бөлінеді. Топ лидерлері тікелей «Конференциялар лигасының» 1/8 финалына өтеді, ал екінші орын алған командалар турнирдің плей-офф кезеңіне шығу үшін Еуропа лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған командаларымен күш сынасады.

«Конференциялар лигасының» жеңімпазы келесі маусымда Еуропа лигасына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер