Басқа

Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионаты басталды

news-banner7
mobile-news-top

Үндістанның Бенгалуру қаласында су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды.

Су добынан Қазақстанның жасөспірімдер командасы қытайлықтарды 13:7 есебімен ұтты. Бұл бәсекеде Жапония, Шри-Ланка, Өзбекстан, Үндістан және Иран командалары бар.

Ал Қазақстан қыздар командасы қытайлық ватерполшыларды 10:9 есебімен жеңді. Қыздар арасында Үндістан, Қытай, Жапония, Шри-Ланка, Өзбекстан құрамалары жүлдеге таласуда.

Сондай-ақ, синхронды жүзуден бәсекелер басталды. Микст-дуэтте Эдуард Ким мен Жаклин Якимова жеңімпаз атанды.

Бұдан бөлек, қазақстандықтар фигура, соло, дуэт, микс-дуэт, топтық жаттығу, аралас және акробатикалық топтық сында өнер көрсетеді.

22 қыркүйек күні жүзуден, 27 қыркүйек күні суға секіруден жарыс басталмақ.

Азия біріншілігі 3 қазанға дейін жалғасады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер