Әлем футболы

Видео. «Сандерленд» жанкүйерлері қайтыс болған адамды мазақ етті

Видео. «Сандерленд» жанкүйерлері қайтыс болған адамды мазақ етті
news-banner7
mobile-news-top

Клуб басшысы жанкүйерлердің тірлігіне ашулы.

ВВС мәліметінше, «Сандерленд» жанкүйерлері автобуста ән айтып, «кім төбеде асылып қалды?» деп айқайлаған. Бұл сөздер «Ньюкасл» клубының шамына тию үшін бағытталған.

Еске салайық, «Ньюкаслдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Гэри Спид 2011 жылы өз-өзіне қол жұмсап, бақилық болған еді.

«Бұл дұрыс емес, заңсыз, қатал және жиіркенішті», - деді «Сандерленд» президенті Стюарт Дональд.

Камераға түсіп қалған «Сандерленд» жанкүйерлері сүйікті командасының матчын енді стадионнан ешқашан тамашалай алмауы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер