Командалық

Қазақстан командасы волейболдан Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысады

Қазақстан командасы волейболдан Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық волейбол федерациясы Пәкістан құрамасының құрлықтық Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысуына шектеу қойды. 2020 жылы Қытайда өтетін турнирге аталған құраманың неліктен қатыспайтыны түсіндірілмеген.

Олимпиада жолдамасына құрлықтағы сегіз команда таласады. Олардың қатарына құрлық додасында 9-шы орын алған Катар, Олимпиаданы қабылдаушы ел ретінде Жапония автоматты түрде енген.

Сондай-ақ, Қазақстан волейбол федерациясы құрлықтық Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысу үшін FIVB мен волейбол Конфедерациясынан шақырту алды.

Олимпидаға іріктеу турниріне Иран, Австралия, Оңтүстік Корея, Қытайлық Тайпей, Қытай, Үндістан, Катар және Қазақстан қатысады.

Қазақстан волейбол федерацясы олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатынын растады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер