Әлем футболы

UEFA «Ұлттар лигасы» турнирінің форматы өзгереді

UEFA «Ұлттар лигасы» турнирінің форматы өзгереді
news-banner7
mobile-news-top

UEFA басшылығы Ұлттар лигасының қазіргі форматын өзгертуді жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz

Ресми деректерге көз жүгіртер болсақ, ұйым А лигасының қатысушыларын 12-ден 16-ға дейін көбейтуді жоспарлауда. Нәтижесінде өткен турнирде өз топтарында соңғы орында қалып қойған Германия, Хорватия, Исландия және Польша құрамалары В лигасына түсіп қалмайды.

Осы мәселеге қатысты соңғы шешім бүгін, 24-қыркүйекте өтетін UEFA отырысында белгілі болады.

Еске сала кетелік, Ұлттар лигасының алғашқы жеңімпазы болып, Нидерланд құрамасын 1:0 есебімен жеңген Португалия командасы танылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер