«Қайрат» жеке дара көш бастады
![«Қайрат» жеке дара көш бастады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1410702892_626292381.jpg?v=28699223)
Қызылордалық «Қайсар» ел біріншілігінің 25-ші турында ҚПЛ көшбасшысы «Қайратқа» есе жіберді.
Қызылорда қаласында өткен кездесу қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Қос голды алматылық клубтың қара маржаны Жерар Гоу соқты. Алдымен 63-ші минутта Прядкиннің иелегінен саңлау тапса, 82-ші минутта есепті еселеп, дубль авторы атанды.
Нәтижесінде, Владимир Вайсс жаттықтыратын «Қайрат» ел чемпионатында 27 ұпаймен жеке дара көш бастады.
Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 25-ші тур.
«Қайсар» - «Қайрат» - 0:2 (0:0)
Голдар: 63' Гоу (1:0), 82' Гоу (2:0)