«Тобыл» «Таразға» мүмкіндік қалдырмады
![«Тобыл» «Таразға» мүмкіндік қалдырмады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1410701502_876851538.jpg?v=28699278)
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан чемпионатының 25-ші турында өз алаңында «Таразды» қапы қалдырды.
Көбі аталмыш кездесу Вардан Минасян үшін соңғысы болмақ деп жорамалдаған, алайда алайда армениялық маман баптайтын команда қарсыластарын 3:0 есебімен тас-талқан етті. Нұрбол Жұмасқалиев, Йиржи Йеслинек және Ондрей Кушнир көзге түсті. Бір қызығы, 11-ші минутта Виталий Волков он бір метрлік айып добын орындай алмады.
Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 25-ші тур.
«Тобыл» - «Тараз» - 3:0 (1:0)
Голдар: Жұмасқалиев 8, Йеслинек 58, Кушнир 70