русский язык
Футбол

Нұрғалиевтің дублі «Спартакты» жеңілістен құтқармады

Нұрғалиевтің дублі «Спартакты» жеңілістен құтқармады

Павлодарлық «Ертіс» Қазақстан чемпионатының 25-ші турында өз алаңында семейлік «Спартактан» басым түсті.

Есепті алаң иелері 25-ші минутта ашты – Юриннің пасынан кейін Джудовичтің соққысы сәтсіз шықты, алайда доп Тотайға тиіп, қақпаның ішіне «күмп» етті. Қонақтар көп күттірмеді, Еркебұлан Нұрғалиев бір минуттан соң таразы басын теңестіріп тастады. Командалар үзіліске кетер тұста «Спартак» алға шықты – Нұрғалиев дубльдің авторы атанды. «Ертіс» тоблодағы көрсеткішті 53-ші минутта өзгерте алды, Арсланмурад Аманов ойынға тыңнан қосылған қақпашы Даниила Рихардтың иелігінен саңлау тапты. Араға он минут салып Константин Дудченко пенальтиден павлодарлықтарға жеңіс әкелді.

Қазақстан чемпионат. Премьер-лига. 25-ші тур.

«Ертіс» - «Спартак» - 3:2 (1:2)

Голдар: Тотай 25 (автогол), Аманов 53, Дудченко 63 – Нұрғалиев 26, 43

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;