Мейвезер-кіші Майдананы екінші мәрте жеңді
![Мейвезер-кіші Майдананы екінші мәрте жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1410674758_453300381.jpg?v=28697594)
Американдық боксшы Флойд Мейвезер-кіші екінші мәрте аргентиналық Маркос Майданадан басым түсті.
WBC, WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы және WBA тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Мейвезер-кіші өзінің атағын қорғап қалды. Ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша Майдананы жеңді - 115:112, 116:111, 116:111.
Айта кетейік, 37-жастағы америкалық былғары қолғап шебері 47 жекае-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен.