Бокс

Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы бейресми үшінші орынға тұрақтады

Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы бейресми үшінші орынға тұрақтады
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Екатеринборда өткен әлем біріншілігінде жүлдеге таласқан елдер тізімі белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Өзбек ағайындардың гегемониясы ондаған жылдарға созылатындай ма, қалай?! Былғары қолғап шеберлерінің мықтылығы көрер көзге ұрып тұр. Біздің қазақтыкі «бақ шаба ма, бап шаба ма» дегеннен әрі аспай жатқаны қынжылтады. Әйтпесе алты бірдей спортшысы жартылай финалға шығып тұрған елдің кем дегенде екі боксшысы әлем чемпионы болуы тиіс еді ғой?! Қамшыбек Қоңқабаев алтын алса да, үшінші орында қалып қояды екенбіз. Демек үш жоғары сынамалы медаль жеңіп алмай, топ бастай алмаймыз.

Ал, назарларыңызға жүлдеге іліккен елдердің тізімін ұсынайық:

1. Өзбекстан – 3+1+1

2. Ресей – 3+0+1

3. Қазақстан – 1+1+4

4. Куба – 1+1+1

5. Англия – 0+1+2

6. Үндістан – 0+1+1

7-9. Филиппиндер – 0+1+0

7-9. АҚШ – 0+1+0

7-9. Эквадор – 0+1+0

10-15. Франция – 0+0+1

10-15. Моңғолия – 0+0+1

10-15. Армения – 0+0-1 (1)

10-15. Бразилия – 0+0+1

10-15. Болгария – 0+0+1

10-15. Австралия – 0+0+1

Еске сала кетелік, бокстан әлем біріншілігінде 4 боксшымыз қола жүлдеге ие болса, ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев күміспен күптелді. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Бекзат Нұрдәулетов турнир жеңімпазы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер