Айза Мамбекова Братиславада 13-ші орын алды
![Айза Мамбекова Братиславада 13-ші орын алды](https://prosports.kz/upload/news/content/201736_e114248be917e46665ddbf26895ad646.jpg?v=28662206)
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Айза Мамбекова Словакия астанасында өтіп жатқан 27-ші Nepela Memorial турнирінің қысқа бағдарламасында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айза бұл сында 47.08 ұпай жинап, 13-ші орынға ие болды. Әрі 21 қыркүйек Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталатын еркін бағдарламада өнер көрсетеді.