Еркін күрес

Қазақстандық еркін күрес шеберлері жарысты жалғастырып жатыр

Қазақстандық еркін күрес шеберлері жарысты жалғастырып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Нұрсұлтанда өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлері қарсыластарын жеңіп, келесі айналымға шықты, деп жазады Prosports.kz.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жапония балуаны Наоя Акагуманы ұтқан Әлішер Ерғали жүлдеге таласуын жалғастырады. Ал 61 келідегі Расул Қалиев албаниялық Иса Меркианы ұтты. Екі балуан да 1/8 финалға шыққанын да айта кету керек.

Еске сала кетелік, еркін күрес балуандары Нұрислам Санаев қола медаль алса, Дәулет Ниязбеков әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Нұрғали Нұрғайыпұлы мен Данияр Қайсанов қола жүлдеге таласады. Ал Нұрғожа Қайпанов кешкі сессияда чемпион атану үшін барын салатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер