Бокс

AIBA өкілі: Левиттің наразылығы қабылданбайды

AIBA өкілі: Левиттің наразылығы қабылданбайды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық бокс федерациясы (AIBA) бокстан 2019 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалындағы қазақстандық Василий Левит пен эквадорлық Хулио Кастильо Торрес арасында өткен кездесудің нәтижесін қайта қарастырмайды, деп жазады Prosports.kz ресейлік ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Василий Левиттің командасы наразылық хатын дер кезінде тапсырған жоқ. Кездесу аяқталған соң, оған бір минут уақыт беріледі. Осы шарттың орындалмауы себебінен, наразылық тіркелмейді», деді AIBA өкілі.

Еске сала кетелік, 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Василий Левит төрешілердің әртүрлі шешім қабылдауы кесірінен Хулио Кастильо Торрестен жеңіліп, Екатеринбургте өтіп жатқан әлем біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер