Постников еурокубоктердегі 52-матчын өткізді

Постников еурокубоктердегі 52-матчын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубының ойыншысы Евгений Постников «Манчестер Юнайтед» командасына қарсы негізгі құраммен алаңға шығып, еурокубоктердегі 52-матчын өткізді, деп жазады Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Постников осы көрсеткішімен Серікжан Мұжықов және Марин Аничичті қуып жетті және «Астана» тарихында еурокубоктерде ең көп ойын өткізген үшінші ойын атанып отыр.

Евгений Постников 52 матчта финляндиялық ХИК, чехиялық «Яблонец» және румыниялық ЧФР командаларының қақпасына үш гол соққан.

Айта кетелік, Еуропа турнирлерінде Постниковтан көп ойын ойнаған екі ойыншы бар, олар Ненад Эрич (62) және Дмитрий Шомко (60).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер