Еркін күрес

Еркін күрестен әлем біріншілігінің тікелей трансляциясы

Еркін күрестен әлем біріншілігінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатыда өз мәресіне таяп қалды. Бүгін іріктеу кезеңі, жартылай финал мен финалдық белдесулер өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.45-те -61, -79, -86, -97 келі салмақ дәрежелерінің іріктеу кезеңі басталса, 16.45-те аталмыш салмақ дәрежелері бойынша жартылай финалдық белдесулері өтеді. Ал кешкі сессияда -70, -74, -92 және -125 келі салмақтағы балуандар арасындағы финалдық кездесулерді тамашалаймыз.

Айта кетелік, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов белдеседі.

Әлем біріншілігінің тікелей трансляциясын мына сілтемеден көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер