Санаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЕркін күрес шебері Нұрислам Санаев Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында себриялық балуанды жеңіп, қола жүлдеге ие болды, деп жазады Prosports.kz.
Белдесудің басында Стеван Мичич пен Санаев белсенді қимылдап, сербиялық екі ұпай, біздің балуан сәтті әдіс жасап, төрт ұпай еншілеген. Әрі қарай қос балуан жолбарыстай жұлқынып, жеңіске жету жолдарын іздеп көрген. Белдесу соңында Мичич тағы бір ұпай алды, дегенмен уақыт та таяп қалған болатын.
Нәтижесінде Нұрислам Санаев Олимпиада лицензиясына қоса, әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.