русский язык
Бокс

Ниязымбетов Азия ойындарында алтынмен апталмақшы

Ниязымбетов Азия ойындарында алтынмен апталмақшы

Лондондағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Азия ойындарынан алтын медальмен оралғысы келетінін айтты, деп хабарлайды bnews.kz.

«Барлық спортшыға сәттілік тілеймін, Азия ойындарында Қазақстан бірінші орын алады деп үміттенемін. Мен қазір Астанада дайындалып жатырмын. Дайындығым жаман емес, қарсыластарымыздың бәрін де жеңуге тырысамыз. Алтынмен ораламын деп үміттенемін», - деді боксшы. 

Инчхондағы Азия ойындарында спорттың 39 түрінен 420 қазақстандық спортшы қатысады. Аталмыш сайыс 19 қыркүйек пен 4 қазан арасында болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;