Ненад Эрич: Біз дұрыс жолда келе жатырмыз

Ненад Эрич: Біз дұрыс жолда келе жатырмыз
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» қақпашысы Ненад Эрич Еуропа Лигасы аясындағы «Манчестер Юнайтедке» қарсы кездесу туралы пікірімен бөлісті.

— Біз әлемнің ең үздік командаларының біріне қарсы ойнайтындығымызды жақсы білдік. Менің ойымша, біз лайықты ойын көрсеттік. Әрине, ойын барысында ертерек те жеңіліп қалуымыз мүмкін еді. Бір жағынан біздің командада гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. «Манчестер Юнайтед» — өте жақсы команда. Дегенмен, біз бүгін жаман ойнаған жоқпыз. Біздің ойынымыз жанкүйерлер көңілінен шықты деген ойдамын. Әрине, кездесуде жеңіліп қалдық. Енді, ілгері жылжу қажет. Алда қалай боларын көре жатармыз.

— Сіз бірінші таймда бірнеше өте қауіпті соққының бетін қайтардыңыз...

— Иә, қарсылас ойыншыларында бірнеше мүмкіндік болды. Алайда, ондай сәттер өте көп болды дей алмаймын. Біз бір командамыз. Сондықтан, бір-бірімізге көмектесуіміз қажет. Қақпаға бағытталған соққыны қайтару — менің негізгі жұмысым.

— Дәл қазір қандай сезімдесің және Қазақстанда өткізетін ойындарға бейімделу үшін не істеу керек?

— Әрине, біздің чемпионат аясында өткізетін маңызды ойындарымыз бар. Бүгінгі кездесуде көп күш жұмсадық. Енді үш күннен кейін сырт алаңда ойнау қиын болары анық. Бізге алдымызға жүктелген тағы бір міндетті орындау қажет.

— Біз Борисовта БАТЭ командасына ірі есеппен жеңілгенімізбен, бүгін аз гол жібердік. «Астана» командасы «Манчестерге» қарсы өз ойынын ойнауға қауқарлы дей аласыз ба?

— Менің ойымша «Астана» жыл сайын өзінің ойынын жақсартып келе жатқан үлкен клуб. Әрине, сәтсіз ойын көрсеткен кездесулер де жоқ емес. Ең бастысы біз жыл сайын өзімізге жүктелген міндетті орындап келеміз. Біз үшін ілгері жылжып, клуб ретінде, команда ретінде даму өте маңызды. Бүгін команданың барлық өкілі, қосалқы құрамнан шыққан жігіттер де өте жақсы ойын көрсетті. Алда чемпионаттағы және Еуропа Лигасындағы кездесулер бар. Сол ойындарға тыңғылықты дайындалу қажет.

— Осы ойынға жүктелген тапсырманы орындай алдыңыздар ма?

— Біз топтық кезеңге жолдама алу арқылы өзімізге жүктелген бір міндетті орындадық. Енді, осы топтан шығу үшін әрекет етуіміз керек. Екінші міндет — чемпионатта топ жару. Дәл қазіргі уақытта чемпиондыққа бірнеше команда таласып жатқандықтан, қиын болары анық. Ұпай жоғалтуға мүлде болмайды. Ал «Олд Траффордтағы» «Манчестер Юнайтедқа» қарсы кездесу — өте үлкен ойын. Бізді осы кездесуде қолдаған жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын. Біздің көңілімізден шықты. Әрине, ұтылып қалғанымыз өте өкінішті. Дегенмен, біз дұрыс жолда келе жатырмыз.

Түпнұсқасы: fcastana.kz/kaz/news/5765 Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер