Басқа

AVANGAR ECS турнирінің бірінші финалында жеңіске жетті

AVANGAR ECS турнирінің бірінші финалында жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық AVANGAR командасы ECS 8-ші маусымның бірінші финалында Forze ұжымын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ресейлік командаға қарсы матчта AVANGAR 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық ұжым 12,5 мың доллар сыйақы алып, турнирдің LAN-финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Бұған дейін AVANGAR командасы BLAST Pro Series Moscow 2019 турнирінде жеңімпаз атанған еді. Алты ұжым өзара бақ сынасқан жарыста AVANGAR мықты шығып, 125 мың долларды қанжығасына байлады.

Сондай-ақ AVANGAR 21-24 қараша күндері Қытай елінде өтетін Asia Championships 2019 турниріне шақырту алды. Қазақстандық ұжым жарысты бірден топтық кезеңнен бастайды. Сондай-ақ беделді турнирге AVANGAR-дан бөлек ENCE, MIBR және NRG Esports секілді әлемге танымал командалар шақырту алған екен. Өзге қатысушылар іріктеуден өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры $500 мыңды құрайды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер