русский язык
Бокс

Майданамен жұдырықтасқаны үшін Мейуэзер 32 млн доллар алады

Майданамен жұдырықтасқаны үшін Мейуэзер  32 млн доллар алады

Бес салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Флойд Мейуэзер әлемнің бұрынғы чемпионы Маркос Майданамен жұдырықтасқаны үшін 32 миллион доллар алады, деп мәлімдейді «Спорт-Экспресс».

Аталмыш қаржы боксшыға жекпе-жекті көрсету құқығын сатып алған телеарналардың есебінен төленеді. Кездесу осы демалыс күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Айта кетейік, қос боксшы осыған дейін 214 жылдың мамыр айында кездескен болатын. Ол кездесуде Мейуэзер төрешілердің дауыс беруімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;