Рунар Сигурьонссон: Бұл біздің клуб тарихындағы ең үлкен ойындардың бірі

Рунар Сигурьонссон: Бұл біздің клуб тарихындағы ең үлкен ойындардың бірі
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы "Манчестер Юнайтед" - "Астана" арасындағы кездесу алдында елорда командасының жартылай қорғаушысы Рунар Сигурьонссон журналистердің сұрақтарына жауап беріп, кездесу туралы пікірімен бөлісті Prosports.kz, елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

— Бұл біздің клуб тарихындағы ең үлкен ойындардың бірі. Ол Қазақстан футболы үшін өте жоғары маңызға ие болары анық. Біздің ойын алдындағы көңіл-күйіміз тамаша. Әрине, барлығымыз осындай алаңда ойнауды армандадық. Ертеңгі кездесуде лайықты нәтижеге қол жеткізсек тіпті керемет болады. Біз қарсыластың қандай ойын көрсететінін өте жақсы білеміз. Сондықтан да кездесуге толықтай дайынбыз. Біз бұл жерге жайдан жай емес, ойын көрсету үшін келдік.

— Бұл «Астана» үшін үлкен ойын болса, «Юнайтед» үшін кезекті бір матч...

— Иә, жас ойыншылар алаңға ерекше жігермен шығып, бас бапкер алдында өздерінің деңгейін көрсетуге тырысатындықтары анық. Алайда, олар осыған дейін басқа командаларда ойнағандықтан, бұл бізге қосымша мүмкіндік береді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер