Антонио Рукавина: Біз қарсыласымыздан қорықпауымыз керек

 Антонио Рукавина: Біз қарсыласымыздан қорықпауымыз керек
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасының тәжірибелі қорғаушысы Антонио Рукавина «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойын алдында кездесу туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz, елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Әрине, мен бұған дейін мұндай ірі стадиондарда доп теуіп, халықаралық ойындарда бірқатар тәжірибе жинақтаған болсам да, «Олд Трафордта» бірнші рет жасыл алаңға шығайын деп тұрмын. Менің ойымша, біздің команда кез келген қарсыластан қорықпауы тиіс. Өйткені бұл – футбол. Біз осы сәттен ләззат алуымыз керек. Ойында өзімізге қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін ойластырған жоспарымыз бар. Әрине, мүмкіндік болып жатса жеңіске жетуді көздейміз.

– Алаң иелері ертеңгі кездесудің айқын фавориті, алайда «Астана» қарсыласқа қаншалықты қауқар көрсете алады?

- «Манчестер Юнайтед» – ертеңгі кездесудің айқын фавориті екеніне келісімен және олар допты өздерінде көбірек бақылауға тырысады. Дегенмен бізде шабуылға шығып, допты өз бақылауымызда ұстауға тырысамыз. Біз қорғаныста жатып алмау үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз. Бұл біз үшін өте маңызды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер