русский язык
Футбол

«Астана» жанкүйерлері Еурокубоктағы үздік футболшыны таңдады

«Астана» жанкүйерлері Еурокубоктағы үздік футболшыны таңдады

«Астана» футбол клубының ресми сайтында Еуропа Лигасы матчтарында команданың үздік ойыншысын анықтау бойынша дауыс беру өтті, деп хабарлайды fca.kz сайты.

Жанкүйерлер осы маусымдағы еурокубок матчтарының жартысынан көбіне қатысқан футболшылардың үздігін таңдады.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Баурыжан Жолшиев үздік ойыншы болып танылды. Бауыржан 7 ойында 3 гол соғып, бір нәтижелі пас берген. «Астананың» капитаны  болған Таңат Нөсербаев екінші орын иеленді, ол да Жолшиев секілді 4 нәтижелі ұпай жинады (3+1). Үшінші орынды елордалық жанкүйерлер – Фокси Кетевоамаға берді. Фокси Еуропа Лигасының осы ойындарында қарсыластың қақпасына 2 гол авторы атанып, 2 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;