«Қыранға» жаңа директор тағайындалды

«Қыранға» жаңа директор тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Сарбиназ Алдабергенова шымкенттік «Қыран» футбол клубының директоры болып тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.

35 жастағы Сарбиназ Алдабергенова бұған дейін журналистика саласында жұмыс істеген. «Отырар ТВ» телеканалының продюсері, «Отырар» медиахолдингінің спорт журналисі болған. «БИІК-Қазығұрт» командасының баспасөз қызметінде жұмыс істеген. Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының алауын алып жүрген.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қыранның» директоры Нұрлан Орынбаев болған еді. Баспасөздегі ақпараттарға сенсек, клубтың қаржылық қарызы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер