Бокс

Әлем чемпионаты-2019. Қайрат Ералиев жарақатына байланысты жарыстан шығып қалды

Әлем чемпионаты-2019. Қайрат Ералиев жарақатына байланысты жарыстан шығып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Екатеринбургте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалында өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловтан мерзімінен бұрын ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек екінші раундта Қайраттың жарақатына байланысты тоқтатылды. Ол кезде есеп 1:4 есебімен өзбек боксышы ұтып жатқан еді.

Қайрат 57 келі салмақта өнер көрсетіп, 2017 жылы әлем чемпионы атанды. 2013 жылы қола жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, Сәкен Бибосынов (52 келі), Василий Левит (91 келi) және Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) 1/2 финалға жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер